Түркияда жол апатынан 16 адам ажал құшты

Түркияның Газиантеп провинциясында ірі жол апатынан 16 кісі қаза тапты, 22 адам жарақат алды.

Алматы, NEGE. Тарсус-Адана-Газиантеп тас жолында жолаушылар автобусы тоқтап тұрған өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем көлігіне және  «Ихлас Хабар» агенттігі түсірілім тобының көлігіне соқтығысқан. Марқұмдардың үшеуі өрт сөндіруші қызметкері, екеуі дәрігер, екеуі журналист, қалғандары жолаушылар. Жергілікті полиция басқармасының хабарлауынша, Незип бағытындағы жол қозғалысқа уақытша жабылды.   

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті