31 июля 2023 г. 15:42
Түркияда жол апатына ұшыраған қазақстандық турист қайтыс болды
Аланиядағы жол апатынан зардап шеккен жолаушылардың бірі ауыр жарақат салдарынан бүгін таңертең ауруханада қайтыс болды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.
Алматы, NEGE. Ол ауыр жарақаттан ауруханада көз жұмды.
Қайтыс болған Қазақстан азаматының ұлы бүгін Анталияға келді. Оған барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр.