Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 35 мыңнан асты

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 35 мыңнан асты деп мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Ол мұндай мәлімдемені министрлер кабинетінің отырысынан кейін жасады.

"Кахраманмараш жер сілкінісінің ауқымы мен жойылуы ерекше табиғи құбылыс болып есептеледі. Мен мерт болған 35 418 азаматтың әрқайсысына шапағат тілеймін. Мен зардап шеккен 105 505 азаматтың сауығып кетуін тілеймін, - деді Түркия президенті.

 

Қазір оқып жатыр

Павлодарда екі мың мұғалімнің мекенжайы мен телефон нөмірі тарап кеткен

Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай бастады

Назарбаев университеті пәтерінде табылған қару-жарақ: қылмыстық іс қозғалды

Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы «Дикий Арманмен» дос болғанын растады