Түркияда жер сілкінді

Түркияның солтүстік-батысында магнитудасы 5,1-тең жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің күшеюінен қорыққан жергілікті тұрғындар үрейден үйін тастап қашқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы, NEGE. ABC News сайтының жазуынша, 4 желтоқсанда Түркияның солтүстік-батысында магнитудасы 5,1 болатын "орташа күшті" жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулеріне байланысты Гемлик қаласының тұрғындары дүрлігіп, үйін тастап қаша бастады.

Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасы жер сілкінісі солтүстік-батыстағы Бурса провинциясында жергілікті уақыт бойынша 10:42-де (Астана уақытымен 13:42) болғанын растады. Жерасты дүмпулерінің ошағы Мәрмәр теңізінде тоғыз шақырым тереңдікте орналасқан. Агенттік қанша адам зардап шеккенін және қанша ғимарат бүлінгенін айтпады.

HaberTurk телеарнасының хабарлауынша, жер сілкінісі Ыстамбұл мен оның маңындағы аймақтарда сезілген. Адамдар күшті жер сілкінісінен қорқып, үйлері мен кеңселерінен қашып кетті.

Ақпан айының басында Түркияның 11 провинциясы мен Сирияның солтүстігінде бірнеше жойқын жер сілкінісі болып, 50 мыңнан астам адам қаза тапты.

Қазір оқып жатыр

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Мәскеу түбіндегі «Крокус сити холлдағы» теракт: айыпталушыларға үкім шықты

Тоқаев: Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ