Түркияда жер сілкінді

Түркияның шығысында магнитудасы 5,7 болатын жер сілкінісі тіркелді.

Алматы, NEGE. Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 14.24 UTC (20.24 - Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) тіркелген. Зілзала ошағы Бингель қаласынан 55 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісі салдарынан бірнеше ауылдағы үй қираған, 1 адам қаза тапқан. Түркияның төтенше жағдаймен күрес басқармасы оқиға орнына 550 шатыр жіберген. 

"Жер сілкінісі салдарынан салдарынан 18 адам зардап шекті. Олардың арасында жағдайы ауыр адамдар жоқ", - деді республиканың вице-президенті Фуат Октай.

Оның айтуынша, зілзаладан кейін магнитудасы төмен 46 жер сілкінісі болған. Табиғи апаттан келген шығынның мөлшері есептеліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді