Түркияда жаңа шектеулер қойылды
Анкарада коронавирустың тарауын тоқтату мақсатында қосымша шектеу шаралары енгізілді, – деп хабарлайды Haber7.
Алматы, NEGE. Басылымның мәліметінше, биліктегілер енді үйлену тойларына, жерлеу рәсімдеріне, базарларға және қоғамдық іс-шараларға шектеу қойды.
Енді Анкарадағы үйлену тойлары екі сағатқа ғана созылатын болады, сонымен қатар үйлену тойына келген қонақтарға тамақ таратуға тыйым салынады.
Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, бүгінде елде коронавирус жұқтырғандардың саны 250 542-ге жетті, 5 996 адам қайтыс болды.