Түркияда зәулім ғимарат өртке оранды

Ыстамбұлда 15 қазанда Фикиртепе ауданындағы зәулім ғимарат өртенді. 24 қабатты үйден өрттің шығу себебі әзірге белгісіз, - деп хабарлады Tengrinews.kz.

Алматы, NEGE. Зәулім ғимараттың төменгі қабаттарында тұтанған өрт қаптама арқылы ғимараттың жоғарғы қабатына тез жеткен.

Біраз уақыттан кейін өртсөндірушілер өртті ауыздықтады. Басылым мәліметінше, ғимарат бақылауға алынды және ішкі және сыртқы салқындату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қала басшысы Экрем Имамоглудың айтуынша, өрттен қаза тапқандар жоқ.

"Фикиртепе аймағындағы көпқабатты үйден шыққан өртті біздің өртсөндірушілер бақылауға алды. Эвакуация барысында адамдар қаза тапқан жоқ. Өрттің шығу себебі тергеуден кейін белгілі болады", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті