Түркияда вакцина алған адам саны 54 миллионға жетті

Түркияда 54 млн халық вакцинаның бірінші дозасын салдырған.

 
Алматы, NEGE. Түркияда 14 қаңтардан бастап басталған жаппай вакциналау науқаны аясында COVID-19-ға қарсы вакцинаның 111,4 миллионнан астам дозасы енгізілді, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.
 
Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында айтылған.
 
Ведомствоның мәліметінше, жалпы саны 54,28 млн адам екпенің бірінші дозасын, ал 45,64 миллионға жуық азамат толық вакциналаудан өтті.
 
Өткен тәулікте қауіпті вирустан тағы 31 413 пациент сауығып шықты.
 
Тағы 30 438 адам ауруға шалдықты. 236 өлім жағдайы тіркелді.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды