Түркияда үйінді астынан құтқарылған қазақстандық Сабина Мамадьярова елге оралды
Түркияда үйінді астынан құтқарылған қазақстандық Сабина Мамадьярова елге оралды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.
Алматы,NEGE. «Ол ауруханада емделіп жатқан кезеңде біздің консул тұрақты байланыста болды. Сабина Мамадьярованың жанына жақын туыстары да барды. Ол Қазақстанға оралды», - деді А.Смадияров министрлікте өткен апталық брифингіде.
Осы орайда ол Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматының елге сапарын ұйымдастыруға көмектескенін айтты.
Қыз пікір білдіруден бас тартып, мазаламауды сұраған.