Түркияда шетелдіктердің үй сатып алуына тыйым салынуы мүмкін

Түркияда İyi партиясының басшысы Мерал Акшенер тұрғын үй бағасының рекордтық деңгейде өсуіне байланысты шетелдіктердің жылжымайтын мүлік сатып алуына тыйым салуды ұсынды, деп хабарлады жергілікті T24 басылымы.

Алматы, NEGE. «Жалпы жалдау ақысының өсуімен бірге жер сілкінісінен зардап шеккендерді баспанамен қамту мәселесі жылжымайтын мүліктің көбін шетелдіктердің сатып алғанына назар аудартып отыр», - деп жазады басылым.

Басылымның хабарлауынша, демалыс күндері оппозициялық партия төрағасы Хатай провинциясында тексеру жүргізіп, осы мәселеге назар аударған. Әзірге ешқандай шара қолданылып жатқан жоқ.

Жер сілкінісінен зардап шеккендерге баспана табу қажеттілігі жалдау ақысы мен баспана бағасының өскенін және жылжымайтын мүліктің шетелдіктерге рекордтық деңгейде сатылғанын анықтап берген. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2023 жылдың қаңтарында Түркияда тұрғын үй бағасы 8-10 пайызға өскен.

Анталияда 60 шаршы метрлік пәтер 140 мың еуро тұрады, Стамбулда осындай пәтер үшін шамамен 200 мың еуро сұрайды. Мамандар бір жыл ішінде елде баспанаға сұраныс 15-20 пайызға артқанын нақтылады.

Қазір оқып жатыр

Павлодарда екі мың мұғалімнің мекенжайы мен телефон нөмірі тарап кеткен

Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай бастады

Назарбаев университеті пәтерінде табылған қару-жарақ: қылмыстық іс қозғалды

Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы «Дикий Арманмен» дос болғанын растады