Түркияда Ресей мен Украинаның сыртқы істер министрлері кездесу өткізді

Түркияда Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба кездесу өткізді.

Алматы, NEGE. Министрлердің кездесуі Антальядағы дипломатиялық форум аясында өтуде. Кездесуге Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу да қатысады. Әзірге министрлердің қандай мәселелерді талқыланайтыны белгісіз.

Димпломатиялық ведомство басшылары Ресей мен Украина делегациялары өткізген үш келіссөзден кейін алғаш кездесіп отыр. Әзірге екі тарап келіссөздер нәтижесінде гуманитарлық дәліз ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдаған. 

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский бейбітшілік орнату үшін жаңа келіссөздерге дайын екенін мәлімдеген.

Қазір оқып жатыр

Бұралқы иттерге қатысты заң Президентке жолданды

Ақсудан соң Алматыда не болмақ?

Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады