Түркияда орман өртінен зардап шеккендерге өтемақы төленеді

Түркияда орман өрті ырық бермей тұр. Кеше Мугла провинциясында да орман отқа оранды. Катты жел салдарынан қызыл жалын біраз аймаққа тараған.

Алматы,  NEGE. Алайда билік елді мекендер мен қонақ үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ дейді. Соңғы ақпарат бойынша, орман өртінен Түркияда 4 адам көз жұмып, 200-ге жуығы жапа шеккен. Билік бүгіннен бастап зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төленетінін мәлімдеді.

Бұл мақсатқа шамамен 3 жарым миллион доллар бөлінген.  Жалпы, кейінгі тәулікте мамандар 85 өрт ошағының 74-ін ауыздықтап үлгірген.

Қазір оқып жатыр

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ