Түркияда коронавирус қайта өршіді

Түркияда коронавирус жұқтырғандар саны 4 есе артты.

Алматы, NEGE. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, науқастардың денінен омикрон штамы анықталған. Соңғы тәулікте елде 64 мың тұрғынның вирус жұқтырғаны белгілі болды. 177 науқас көз жұмды. Дегенмен Түрік билігі әзірге сақтық шараларын қатаңдатуға асығар емес. Айта кетейік, Түркияда халықты жаппай вакциналау 1 жыл бұрын басталды. Қазірге дейін елде 138 миллион екпе салынды. Қос дозаны 52 млн тұрғын қабылдаған.

Фахреттин Қожа, Түркия денсаулық сақтау министрі:

– Омикрон елдегі басым штамға айналды. Коронавирусты жұқтырғандар саны өткен айға қарағанда 4 есе өсті. Бірақ індеттің бастапқы кезеңдерімен салыстырғанда, ауруханаға жатқызылғандар саны аз. Сақтық шаралары міндетті. Сондықтан сақ болайық. 

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр