Түркияда коронавирус анықталды

Түркияда коронавирус жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді.

Алматы, NEGE. Бұл туралы республиканың денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа мәлімдеген.

«Бүгін кешке коронавирус жұқтырды деген күдік бойынша еліміздің азаматына тест жасалды. Тест оң нәтиже көрсетті», - деп хабарлады министр.

Министрдің айтуынша, вирус жұқтырған ер адам жақында ғана Еуропадан саяхаттан оралған. Коджа қазіргі уақытта пациент карантинге жатқызылғанын атап өтті. Оның денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде деп бағаланған.

Бұдан бөлек, науқастың отбасы мүшелері, сондай-ақ онымен байланыста болған адамдар бақылауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Бүкілқытайлық жиналыс комитетінің төрағасымен кездесті

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді