Түркияда қонақ үйде оқыс жағдай болды

Түркияда қонақ үйдің мәжіліс залының төбесі опырылып құлап, 30-дан астам адам жараланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Оқиға елдің шығысындағы Сарыкамыш қаласында болған. Оқыс жағдай кезінде мұнда деректі фильм көрсетіліп жатқан. Осы сәтте залда 150-ге жуық адам отырыпты. Медициналық көмекке жүгінгендердің тоғызы қазір ауруханада жатыр. Дәрігерлер олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ дейді. Ал оқыс оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз. 

Қазір оқып жатыр

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Омаровтың анасына тиесілі зауыт аумағындағы өрттің алдын ала себебі анықталды

Астанада үй алдындағы аулада екі жасар баланы көлік қағып кетті

Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытының қызметкерлеріне 50 пәтер тарту етті