Түркияда Димаштың суреті бейнеленген граффити пайда болды

Түркияның Адана қаласында әлемге әйгілі қазақстандық орындаушы Димаш Құдайбергеннің бейнесі бар граффити пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE.  «Dears, біз өткен жылы 1 тамызда Димашты Ыстанбұл әуежайында кездесу бақытына ие болғанбыз. Бір жылдық мерейтойымызды талантты түрік суретшілері Alper (zeos2305) және Ayşe (akazio1) жасаған «Bastau» деп аталатын қабырға суретімен қарсы алдық. Біз «Bastau» - Димаштың Түркияда салынған алғашқы суреті және әлемдегі алғашқы 3D гиперреалисттік граффити екенін қуана жариялаймыз!» - деп жазды Димаштың Түркиядағы dimash.turkey деп аталатын фан-клубы желідегі парақшасында.

Суретші Альпер Агка бұл жұмыс оған сәттілік әкеледі деп үміттенеді. Оның айтуынша, қабырғаға сурет салу үшін екі ай уақыты кеткен.

Қазір оқып жатыр

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ Temu, SHEIN және басқалары аталды

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді

Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек тұңғыш сәбиін дүниеге әкелді