Түркияда 80 сағаттық локдаун күшіне енеді
Түркия халқы биыл Жаңа жылды үйлерінде атап өтеді.
Алматы, NEGE. 80 сағаттық локдаун жергілікті уақытпен сағат 21:00-де басталып, 4 қаңтар күні таңғы 5-те аяқталады. Коронавирустың таралуын тоқтату мақсатында енгізілген коменданттық сағатты арнайы жасақталған қауіпсіздік сақшылары қадағалайтын болады. Бұл күндерде азық-түлік дүкендері ашық. Дегенмен, ел көлемінде спирттік сусындардың сатылуына тыйым салынған. Қоғамдық тамақтану орындары курьерлік қызмет бойынша жұмыс істейді. Сондай-ақ 31 желтоқсан - 1 қаңтар аралығында халықтың ең көп бас қосатын қала орталықтары жабылады. Яғни Ыстамбұлда Истикляль және Сұлтанахмет алаңы, Анкарада Қызыл ай алаңы, Қызылайда Гүндоғду алаңына бұған дейін еркін жүретін туристер де кіре алмайды. Айта кетейік, Түркияда бір айдан бері жүйелі түрде демалыс күндерінде коменданттық сағат енгізіп келеді.