Түркияда 7 балдан асатын жер сілкінісі болды

Түркияның орталығы мен оңтүстік-шығысында, Сириямен шекаралас жерде жойқын жер сілкінісі болды.

Алматы, NEGE. АҚШ Геологиялық қызметі 7,8 балдық жер сілкінісінің 6 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де Газиантеп маңында 17,9 шақырым тереңдікте болғанын хабарлады. Түрік сейсмологтары жер сілкінісінің күшін 7,4 балл деп бағалады.

Жерасты дүмпулері ел астанасы Анкара мен Түркияның басқа қалаларында, сондай-ақ, Сирия мен Ливан сияқты елдің бірнеше аймағында сезілді.

«Елде дабылдың ең жоғары деңгейі жарияланды. Біз Төтенше жағдайлар басқармасымен бірге өңірге құтқарушылар жібердік», - деді елдің ІІМ.

Жергілікті билік Османие провинциясында 5 адам, Санлыурфакс провинциясында 10 адам қаза тапқанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Еуразиялық қаржы компаниясы 28,4 млрд теңге дивиденд төлейді

Павлодарда екі мың мұғалімнің мекенжайы мен телефон нөмірі тарап кеткен

Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай бастады

Назарбаев университеті пәтерінде табылған қару-жарақ: қылмыстық іс қозғалды