Түркияда 6,6 балдық жер сілкінісі болды

Жұма күні Түркияның батысында магнитудасы 6,6 балдық жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Алматы, NEGE. Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасының (AFAD) хабарлауынша, жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 14.51-де, Измир провинциясы Сеферхисар ауданындағы Эгей теңізінің жағалауында тіркелген.

Зілзала ошағы – 16,5 шақырым тереңдікте. Жер сілкінісі 15 секундқа созылып, Түркияның батысындағы көптеген провинцияда сезілген.

Түркия ІІМ хабарлауынша, зілзала салдарынан Измир қаласының Борнова және Байраклы аудандарында алты тұрғын үй қираған. Зардап шеккендер туралы хабарланған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында жаңа «Алатау» арнайы экономикалық аймағы құрылады

Қазақстанда діни сұрақтарға Imam AI жауап бермек

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде қалдырды

Атырау облысында өлтірілген отбасы ісі: қылмыс қашан және қалай жасалғаны айтылды