Түркияда жер сілкінісі тіркелді

Қара теңіздің Ыстанбұл маңындағы аумағында магнитудасы 3,7 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды.  

Ғаламтордан

Алматы, NEGE. Түркияның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік басқармасы (AFAD) таратқан мәліметке сәйкес, зілзаланың эпицентрі Ыстанбұлдың солтүстік-батыс бағытында, жағалаудан шамамен 16 шақырым қашықтықта, 13 км тереңдікте орналасқан.

Ал Кандилли сейсмологиялық обсерваториясы дүмпудің магнитудасын 3,9 балл деп бағалады.

Жер асты дүмпулері жергілікті уақытпен 19:44-те (Астана уақытымен 17:44) тіркелген. Оны мегаполистің бірнеше аудан тұрғындары сезінген.

Абырой болғанда, қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, сондай-ақ жергілікті тұрғындар арасында үрей байқалмаған.

Қазір оқып жатыр

ҰҒОО Орталық Азиядағы МАГАТЭ-нің алғашқы Anchor Centre болады

Тоқаев МАГАТЭ басшысы Гроссимен ядролық қауіпсіздік пен Иран мәселесін талқылады

«Туристер қаржысы халыққа жұмыс істейді»: Almaty SuperSki талқыланды

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған «Байсат» базары аукционда тағы өтпей қалды