Түркияда тікұшақ ауруханаға соғылып, 4 адам қайтыс болды

Anadolu Ajansı жазуынша, ол жедел жәрдем тікұшағы болған.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Мұғла қаласында Төтенше жағдайлар және ғылыми-зерттеу ауруханасына соғылған тікұшақ апатынан 2 ұшқыш, 1 дәрігер және 1 медициналық қызметкер қаза тапты. 

Оқиға таңғы сағат 10:06 шамасында болған. Денсаулық сақтау министрлігіне тиесілі жедел жәрдем тікұшағы Анталияға ұшпақшы болып, аурухананың алдынан көтеріліп жатқанда ғимараттың 4-қабатына соғылып, кейін бос алаңға құлаған.

Негізгі себеп ретінде ауа райының қолайсыздығы, атап айтқанда, қалың тұман болғаны айтылып жатын.

Ал аурухананың ішкі бөлігі аман, тек сырты ғана зақымдалған.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды