Түркияда «Росатом» салып жатқан АЭС-те жұмысшылар ереуілге шықты: Олардың арасында қазақстандықтар да бар

Түркияда ресейлік «Росатом» тұрғызып жатқан «Ақкую» атом электр станциясы құрылысында 23 шілдеде жұмысшылар ереуілге шықты.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Олар жалақыны кешіктіргеніне наразылық білдіріп, жақын маңдағы жолды жапты. Оқиға орнына келген түрік полициясы наразыларды тарату үшін су шашты. 

Журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасының хабарлауынша, ереуілге шыққан жұмысшылардың арасында шамамен 200 қазақстандық бар. Олардың бірі оқиға орнынан видео жолдаған.

«Жұрт машиналарды жібермей бөгеп, келгендердің көліктерін сындырып жатыр. Тас, арматура лақтырып жатыр», – дейді видео авторы.

«Ақкұю» Түркияда салынып жатқан алғашқы атом электр станциясы. Бұл жоба Ресей мемлекеттік «Росатом» корпорациясының қатысуымен жүзеге асырылып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды