Түркияда Құрбан айт кезінде 14 мыңнан аса адам жарақат алды

Құрбан айттың алғашқы күнінде Түркияда құрбандық шалу кезінде жарақат алған 14 мыңнан аса адамға медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Kazinform. 

ғаламтор

Алматы, NEGE. Бұл туралы Түркияның денсаулық сақтау министрі Кемаль Мемишоғлы X әлеуметтік желі парақшасында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, медициналық көмекке жүгінгендердің ең көбі Анкара қаласында тіркелген – 1049 адам. Ыстанбұлда – 753 адам, Конья қаласында – 655 адам жарақат алған.

Түркияның Денсаулық сақтау министрі мұндай оқиғалардың алдын алу мақсатында құрбандық шалу жұмыстарын тек білікті мамандардың орындауы қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл — халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарты.

Қазір оқып жатыр

Қарағандыда түлектерді диплом қорғай сала әскери комиссариатқа алып кеткен

Қазақстандық мұғалімдерге өз оқушыларына қосымша сабақ өткізуге тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда жұмыс берушілер жасөспірімдерді сақтандыруға міндеттелмек

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: полиция қызметкеріне қатысты тергеу аяқталды