Түркияда Қазақстан азаматын атып кетті

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Түркияда Қазақстан азаматының қаза тапқанын растады.

Сюжеттен үзінді

Астана, NEGE. Оқиға 31 наурыз күні Ыстанбұлдың Фатих ауданында болған.

Түркиялық БАҚ мәліметінше, қаза тапқан Ариф Исмаилов курьер болып жұмыс істеген. Белгісіз адам көшеде оған оқ атып, кейін қашып кеткен.

Қазақстандықтың өліміне қатысы бар деген күдікпен Грузияның екі азаматы Эдирне қаласының маңында ұсталды.

Істің мән-жайын Түркияның құзырлы органдары тексеріп жатыр. Іс Сыртқы істер министрлігінің бақылауында.

Ведомство мәліметінше, Қазақстанның Ыстанбұлдағы бас консулдығы марқұмның туыстарына қажетті көмек көрсетіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

«Қасиет» клиникасы депутат Ербол Айтуовтың өліміне қатысты пікір білдірді

«Әкеміз қашан келеді?»: Ақтауда көз жұмған депутаттың жары әділдік сұрайды