Түркияда 6,1 балдық жер сілкінісі болды

Түркияда сағат 22:48–де Балыкесир провинциясының Сындыры ауданында жер сілкінісі тіркелді. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жерасты дүмпуін бірінші кезекте Ыстамбұл мен Измир қалалары сезінді.

Түркия Апаттар және Төтенше жағдайларды басқару басқармасының (AFAD) сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, оның магнитудасы 6,1 болды. Жерасты дүмпуі 5,99 шақырым тереңдікте тіркелген.

Ал Report агенттігінің хабарлауынша, провинциядағы жер сілкінісінен кейін үш ғимарат пен бір дүкен қирады. Оқиғаны ішкі істер министрі Али Ерликая жергілікті БАҚ өкілдеріне мәлімдеген.

Ол Сындыры ауданындағы опырылып түскен ғимараттардың пайдалануға берілмегенін атап өтті. Мұнда зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Қазір оқып жатыр

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды