Түркияда 6 баллдық жер сілкінісі болды

Түркияда жергілікті уақыт бойынша 12:50-де Стамбул маңында күшті жер сілкінісі болды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. TRT телеарнасының хабарлауынша, жер сілкінісі Мәрмәр теңізі аймағына түгел сезілген. Сейсмологтардың мәліметінше, зілзаланың магнитудасы 6,2 болған, деп хабарлайды ТАСС.

Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Стамбулдан оңтүстік-батысқа қарай 44 шақырым жерде орналасқан.

13:58-де Түркияда магнитудасы 4,1 болатын тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Оның да эпицентрі Стамбулдан 44 шақырым оңтүстік-батыста болған.

Қазір оқып жатыр

Алматыда «Медеу» маңындағы 288 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Қазақстандық әйел порнография үшін Қырғызстаннан бала сатып алған

Ақтөбе облысы әкімдігіндегі өрт: қылмыстық іс қозғалды

Мемлекеттік бюджет кірістері шамамен 17%-ға өсіп, жоспардан асыра орындалды