Түркия террористерді еліне қайтармақ

Түркия 11 қарашадан бастап ДАИШ (Қазақстанда бұл ұйымға тыйым салынған) содырларын туып-өскен еліне қайтармақ. Мұны Түркияның ішкі істер министрі Сүлеймен Сойлу мәлімдеді.

Алматы, NEGE. «Дүйсенбіден бастап содырларды азаматтығына қарай туып-өскен еліне қайтарамыз», – деді Сүлеймен Сойлу.

Бұған дейін ол Еуропа елдеріне қарата сын айтқан. «Тұтқынға түскен террористермен бізді жалғыз алыссын дегенге көнбейміз. Түркия террористердің курорты емес», – деп бір-ақ кескен Сүлеймен Сойлу.

Түркияда түрмеде отырған содырлардың арасында Қазақстан азаматтары бар ма, жоқ па, ол жағы белгісіз.