Түркия Стамбұлдағы жарылысқа сириялық күрд жасақтарының қатысы бар деген мәлімдеме жасады

Түркияның ішкі істер министрлігі Ыстамбұлдағы терактіні ұйымдастырушыларды қатаң жазалауға уәде берді.

Алматы, NEGE. Ыстамбұлдағы лаңкестік әрекетті ұйымдастырушылар мен кінәлілер табылып, олар қатаң жазаға тартылады. Бұл туралы 14 қарашада Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу мәлімдеді.

«Қылмыстың ізіне түстік. Тапсырыс Кобаниден (Сириядағы қала. – ред.) келді деген күдік бар, орындаушы Африн арқылы өткен. Қазір мұның барлығы анықталып жатыр», - деді Сойлу. 

Күні бұрын Сойлу Ыстамбұл орталығында теракт жасады деген күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Алдын ала болжам бойынша, бомба қаланың туристік аймағында қалдырылған.

Ыстамбұлдың Бас прокуратурасы бұл оқиғаларға қатысты лаңкестікке қатысты тергеу бастады. Түрік тәртіп сақшылары жарылыс болған жерден түсірілген фотолар мен видеоларды әлеуметтік желілерде жариялауға тыйым салды.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті