Түркия Сирияға баратын ресейлік ұшақтарға әуе кеңістігін жапты

Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу мемлекет Сирияға ұшатын ресейлік әскери және азаматтық ұшақтарға әуе кеңістігін жапқанын айтты.

Алматы, NEGE. Чавушоглудың айтуынша, ресейлік әуе кемелерінің ұшуына тыйым сәуірде салынған.

"Ресейдің әскери ұшақтарына, тіпті Сирияға ұшатын азаматтық ұшақтарға әуе кеңістігін жауып тастадық. Үш айға рұқсат бердік. Оларда сәуірге дейін рұқсат болды", - деп жеткізді Sabah газеті министрдің сөзін.

Оның айтуынша, Түркия президенті Тайып Ердоған бұл туралы Владимир Путинге жеткізген, кейін "рейстер тоқтатылған".

Чавушоглу Мәскеу мен Анкара түрлі мәселелер бойынша, соның ішінде Қара теңіз бұғаздарында кеме қатынасына әсер ететін Монтре Конвенциясын жүзеге асыру туралы келіссөз жүргізіп жатқанын айтты.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін