Түркия Сирия мен Иракта әуе операциясын жүргізуді бастады

Түркия Сирияның солтүстігінде және Ирактың солтүстігінде Күрдістан жұмысшы партиясына (КЖП) қарсы әуе операциясын жүргізуді бастады, - деп хабарлады Tengrinews.kz

Алматы, NEGE. Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігі Twitter-де әуе операциясының алғашқы кадрларын жариялады. "Террористер ұясы тікелей соққылармен жойылады", - делінген жазбада.

"Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігі бұл операция БҰҰ Жарғысының 51-бабына сәйкес өзін-өзі қорғау құқығына сәйкес жасалғанын айтады", - делінген агенттіктің хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін күрдтердің "Сирия демократиялық күштерінің" (SDF) өкілі Фархад Шамси Түркия Сирияның солтүстігіндегі Кобани шекаралас қаласына соққы беріп жатқанын айтқан болатын.