Түркия шетелдіктерге тұруға рұқсат беруді шектеу туралы шешім қабылдады

Түркия шетелдіктерге тұруға рұқсат беруді шектеу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу айтты, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Алматы, NEGE. Шенеуніктің айтуынша, 2022 жылғы 1 шілдеден бастап Түркияның әр ауданында шетелдіктер 20 пайыздан аспауы қажет. Мигранттарды қоныстандыру үшін шамамен 1,2 мың тұрғын үй жабылады. Бұл Түркиядан пана іздеген адамдарға да әсер етеді.

Сонымен қатар, министр заңсыз көші-қонның жолы кесілетінін айтты.

"Шекарада Түркияға 2 626 170 адамның кіруіне жол бермедік және кейінгі алты жыл ішінде ел ішінен 1 246 000 иммигрантты ұстадық", - деді Сүлейман Сойлу.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай депутаттарына жеке мәселелерді мінберден айтуға тыйым салынбақ

Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Байбек басқаратын компания Ақмола облысында тау-кен байыту комбинатын іске қосты

Жапония Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты