Түркия Ресейге санкция салмайды
Бұл туралы Түркияның Сыртқы істер министрі жария етті.
Ол шектеу шаралары шиеленісті реттеуге көмектеспейтінін айтады. Сонымен қоса Мевлют Чавушоғлу өзінің ресейлік әріптесі Сергей Лавровтан Мариупольден түрік азаматтарын эвакуациялау бойынша көмек сұрады. Түркия Ресей мен Украина өкілдері арасында келіссөздерді ұйымдастыруға жәрдемдесуге дайын екенін талай мәрте айтып келген. Нәтижесінде 10 наурызда Анталияда екі елдің сыртқы істер министрлері кездескен еді.