Түркия Президенті Қазақстанның індетке қарсы іс-шараларына жоғары баға берді

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдап, Қазақстанның COVID-19 індетіне қарсы іс-шараларына жоғары баға берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Хатта: «Кеселге қарсы жұмыстарыңызды мұқият қадағалап отырмыз. Қазақ халқы бұл дағдарысты аз шығынмен еңсеретініне сенімім мол. Достас әрі бауырлас Қазақстанға қол ұшын созуға әрдайым дайынбыз. Қазақстандық достарымыздың күш-жігеріне қолдау болар деген ниетпен еліңізге медициналық жабдықтар жіберудемін», – делінген.

Түркия Президенті вирустан көз жұмған азаматтардың отбасыларына көңіл айтып, науқастардың тезірек сауығуына тілектестігін жеткізді. Соңында екіжақты стратегиялық әріптестік дағдарыстан кейін қазіргіден де беки түсетініне сенім білдірген.

Қазір оқып жатыр

Қырымда Ан-26 әскери ұшағы жартасқа соғылып, 29 адам қаза тапты

БҚО-да мектеп автобусымен болған жол апаты: 24 бала ауруханаға жеткізілген

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі