Түркия Қырғызстанға 100 мың доллар береді. Неге?

Қырғызстан парламент сайлауын өткізу үшін Түркиядан 100 мың доллар сұрады.

Алматы, NEGE. Түркияның Қырғызстандағы елшілігінің хабарлауынша, Қырғызстан дауыс беруге арналған автоматты жәшіктер мен мониторлар үшін қаржылай көмек сұрады.

Сонымен бірге түріктің Әріптестік және Үйлестіру жөніндегі агенттігі (TİKA/ТИКА) Қырғызстанның құқық қорғау органдарының 21 қызметкеріне сайлау қауіпсіздігі жөнінде тренинг өткізді. Түркия Қырғызстандағы парламент сайлауына бақылаушыларын жібереді.

Қырғызстан билігі 2020 жылғы сайлауға республикалық бюджеттен 732 млн сом бөлді. Алайда кейін Орталық сайлау комиссиясы шығынды 446,9 млн сомға (5,6 млн доллар) қысқартқанын хабарлады. Парламенттің кезекті сайлауы биыл 4 қазанда өтеді. Оған 16 партия қатысады.

Қазір оқып жатыр

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты