Түркия Қазақстанға гуманитарлық көмек берді

Бүгін Түркиядан  жарты тоннаға жуық дәрі-дәрмек әкелген ұшақ Алматы әуежайына қонды.

Алматы, NEGE. Қауіпті инфекцияны емдеуге арналған дәрінің 8 түрі әлі отандық медицинада қолданылған жоқ. Мамандардың пікірінше, олардың сапасы жоғары. Айта кетейік, бұған дейін де бауырлас мемлекеттен екі рет гуманитарлық көмек келген. Ерлан Ысқақов, ҚР сыртқы істер министрлігінің өкілі: – Осындай гуманитарлық көмек бүгін түнде Польша мен Үндістаннан жеткізіледі. Барлық жүкті Алматы әуежайында күтіп аламыз. Ал кеше Оңтүстік Кореядан мыңдаған тест келді.