Түркия: бір тәулікте 343 адамнан вирус анықталды

Әлемді жайлаған коронавирус түрік бауырларымызды да есеңгіретіп барады. 24 наурыз күні 343 адамның вирус жұқтырғаны анықталса, оның жетеуі көз жұмған.

Алматы, NEGE. 24 наурыз күнгі дәрігерлік тексеру кезінде індет жұқтырғандар саны 1529-дан 1872-ге дейін өскен. Өлім саны да жедел өсіп барады. Бәр тәулікте қайтыс болғандар саны 37-ден 44-ке дейін ұлғайған.

Бұл туралы Түркия Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа Twitter парақшасында жазды. «24 сағат ішінде 3952 адамға тест жасалып, 343 адамнан коронавирус анықталды. Олардың жетеуі дертті көтере алмай, қайтыс болды» деді ол.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласы туралы Конституциялық заң қабылданды

Шымкент мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмысы басталды: бензин қоры жеткілікті ме?

Астаналық жігіт елді әскерде жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтып алдаған

Жол апатына себеп болған Zeekr жүргізушісі мас болған – ІІМ