Түркия әлемнің ең ірі 10 экономикасының қатарына қосылуға ұмтылуда

Түркия экономикасы 4,5 пайызға өсті, Орталық банктің валюта қоры 93 млрд доллардан асқан.

Алматы, Nege.  Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елінің әлемнің 10 ірі экономикасының қатарына қосылуға жақындағанын мәлімдеді. 

"Індет көптеген дамыған елді тоқыратып жібергенде, тұрақты денсаулық сақтау жүйесінің, халықты дер кезінде азық-түлк және гигиеналық заттармен қамтамасыз етудің арқасында Түркия президенті  коронавирус індетінің таралуына қарсы күресте үлгі болуға тұрарлық шараларды көрсетті ", - деді Ердоған.

Президенттің айтуынша, 2020 жылдың алғашқы тоқсанында түрік экономикасының өсімі 4,5 пайызды көрсеткен. Ердоған бұл көрсеткіш сақталған жағдайда Түркия жақын уақытта әлемнің қуатты 10 экономикасының біріне айналатынына сенімді. 

Қазір оқып жатыр

Атырауда мектеп маңында 1-сынып оқушысын көлік қағып кетті

Қазақстанда күн күрт суытады

Футбол федерациясы «Ордабасы» – «Атырау» кездесуіндегі төрешілер қателігін мойындады

Қазақстандықтар ұзағырақ өмір сүре бастады – Денсаулық сақтау министрлігі