Түркия астанасы Анкарада теракт болып, 3 адам қаза тапты

23 қазанда Анкарадағы TUSAŞ аэроғарыштық компаниясының авиациялық зауытына шабуыл жасалды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қылмыскерлер TUSAŞ ғимаратына жай таксимен келген. Қару кезенген олар ғимаратқа басып кірмек болған, сол кезде жарылыс жасаған.

Жарылыстан 3 адам қаза тапты, 14-і жараланған. Екі лаңкестің көзі жойылды.

Анкара Бас прокуратурасы лаңкестік әрекетке қатысты тергеу бастады.

Түркияның Ішкі істер министрі Әли Йерликая қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, шабуылды айыптап, терроризмге қарсы күресті жалғастыруға уәде берді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды