Түркістанның әкімі мүгедектер арбасына отырды
Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов қалада жүру мүгедектерге қаншалықты ыңғайлы екенін білу үшін мүгедектар арбасына отырып көрді. Бұл туралы NUR.KZ жазды.
Алматы, NEGE. Шенеунік мүгедектер арбасына отырып, адам ең көп баратын және түйіні көп жерлерге барды. Сондай-ақ ол арбамен ешкімнің көмегінсіз өзі жүріп көрді.
Тілшіге берген түсініктемесінде әкім былай деді: «Мен былай айтайын, мүгедектер арбасына жайдан-жай отырғам жоқ. Оларға қаншалықты қиын екенін сезінгім келді. Құдай басқа салмасын, өте қиын екен. Жағдай жасалмаған. Мұны шешу керек».
Мәселені шешуді әкім бірден бастап кетіпті. Кәсіпкерлерді шақырып, мүгедек жандардың қалай қиналып жүргенін түсіндірді. Оларға қолайлы жағдай жасап беруді сұрады.