27 сентября 2022 г. 13:18
Түркістанға рухани және тарихи елорда мәртебесін беруді тапсырды
2021 жылы Түркістанға "Түркі әлемінің рухани астанасы" деген мәртебе берілгенін еске салған президент үкіметке киелі шаһарға рухани және тарихи елорда мәртебесін беру мәселесін шешуді тапсырды.
Алматы, NEGE. – Қазақ жылнамасына алтын әріппен жазылған көптеген тұлғаларымыз осында жерленген. Былтыр қалаға Түркі әлемінің рухани астанасы деген мәртебе берілді. Бұл – Түркістанды тұтас түркі жұрты ерекше қадірлейді деген сөз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.