14 августа 2023 г. 15:32

Түркістандықтар банан өсіріп жатыр

Фото:

Қазақстанда алғаш рет банан өсіріле бастады, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. «Түркістан облысында өнеркәсіптік көлемде банан өндіріле бастайды.Түріктің Gengroup Qazaqstan компаниясы өңірде банан отырғызылған 5,3 гектар жылыжай кешенін салды. Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген бананның сорты арнайы өсірілді», - делінген хабарламада.

«Жақын арада жылыжай тағы 5 гектарға кеңейтіледі, бұл жылына шамамен 1000 тонна банан өндіруге мүмкіндік береді. Алғашқы өнімді 6-8 айдан кейін жинау жоспарланып отыр»,- деді Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Экзотикалық жемістерден басқа, жылыжайда қызанақ пен құлпынай өсіріледі. Жобаның құны бірінші кезеңде 4 миллион АҚШ доллары болған.

Тегтер: