Түркістандық полицейлер 80-нен астам шетелдікке айыппұл салды

Түркістандық полицейлер 80-нен астам шетелдікке айыппұл салды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Кентау қалалық полиция бөлімі көші-қон қызметкерлері ағымдағы жылдың 11-20 қазан күндері аралығында өткізіліп жатқан “Заңсыз келуші-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында көші-қон саласындағы заң бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында қарқынды қызмет жасап, құқық бұзушылықтарды анықтауда.

Атап айтар болсақ “Заңсыз келуші-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасында Кентау қаласында 84 Өзбекстан елінің азаматы анықталып, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша айыппұл салынды. Сонымен қатар полицейлер құқық бұзушылық жасаған шетелдіктерге алдағы уақытта мұндай заң бұзушылық орын алмасы үшін тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
 

Қазір оқып жатыр

РФММ гранттары төңірегіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды