Түркістандық ана үшем босанды

Түркістан облысы Төлеби ауданында үшем дүниеге келді, – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Леңгір қаласының 36 жастағы тұрғыны Ақерке Сергебаева облыстық №1 перинаталды орталығында екі қыз бен бір ұл босанды.

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, осымен облыста жыл басынан бері екінші үшем дүниеге келді. Жаңа туылған нәрестелерге Балжан, Мағжан, Тоғжан есімдері берілді.

Мерзімінен ерте туған үшем периниталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Медицина қызметкерлерінің көмегімен сәбилер салмақ қосып, денсаулық жағдайы жақсарған. Үшем перзентханадан шығуға әзір.

Үшем дүние келген отбасының бір ұл мен үш қызы бар. Отағасы да, көпбалалы ананың өзі де мектепте жұмыс істейді.

«Қорқыныш болды, әрине. Алланың сыйына сансыз шүкір. Сәбилерімді бағып, күткен дәрігерлерге шексіз ризамын», – дейді үшемнің анасы.

Жыл басынан бері Түркістан облысында 10 мыңнан астам сәби дүниеге келді.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті