Түркістанда зияткерлік мектеп ашылды
Түркістан қаласында зияткерлік мектеп салтанатты түрде ашылды.
Алматы, NEGE. Түркістан қаласында «A.Q. ORDA» зияткерлік мектебі салтанатты түрде ашылып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Жаңа білім ұясы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтерген. Онда 1-6 сынып оқушыларына дәріс қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Мектепте пәндер тереңдетіп оқытылумен қатар хореография, вокал, робототехника, қаржылық сауат сынды түрлі үйірмелер де жұмыс істейді. Тіпті, домбыра және шахмат жеке пән ретінде енгізілген. Оқу ордасында өз саласының білікті ұстаздары сабақ береді. Арасында шет елдерде білім алғандары да бар.
Мектептің ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов түркістандықтарды жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, педагогтардың еңбегіне шығармашылық табыс тіледі. Ақылы негізде оқытатын мектеп бүгіннен бастап жұмысын бастады.