Түркістанда кафеде жанжал шығарған адамның кім екені анықталды

Түркістанда дәмханада тапсырысты төлеуден бас тартып, жанжал шығарған адам бұрынғы депутат болып шықты, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

 Түркістан, NEGE. 17 қазан күні түнгі сағат 1.00 шамасында Түркістан ҚПБ-ның 102 пультіне хабарласып, көңіл көтеру орнының қызметкерлері көмек сұрады.

Бірден оқиға орнына полиция жасағы шықты. Келген бойда тәртіп сақшылары жергілікті тұрғын ер адамның төлем жасаудан бас тартып, жанжал шығарғанын анықтады.

Құқық бұзушы, яғни ер азаматқа қатысты ұсақ бұзақылық жайтымен әкімшілік іс қозғалды. Жиналған материалдар сотқа жіберіледі.

Сондай-ақ ер адамның бұрын қалалық мәслихаттың депутаты болғандығы және ағымдағы жылдың наурыз айында өкілеттігін тоқтатқаны анықталды.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды