19 августа 2023 г. 13:15

Түркістанда алаяқ 10 адамды сан соқтырды

Фото:

"Вахталық жұмысқа тұрғызып беремін" деген алаяқ 10 адамның сенімі кіріп,1,2 миллион теңге қаражатты жымқырып, жоқ болған, деп жазды  Polisia.kz.

Алматы, NEGE. “Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Түркістан облысы мен Шымкент қаласы аумағында интернет-алаяқтықтың 10 дерегіне қатысы бар тұрғын анықталды.  Күдікті әлеуметтік желіге "вахталық жұмысқа тұрғызып беремін" деген жарнама салып, жәбірленушілердің сеніміне кірген. Содан тұрғындардың ақшасын алып, өзінің таныстарының есепшотына аудартып отырған”,- делінген полиция хабарламасында.

Келтірілген шығын 1,2 млн теңгені құрайды. Қазір аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі "Алаяқтық" тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тегтер: