Түркістан өндіріс ошағына айналуы мүмкін

Түркістан облысында бірден 16 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бір бөлігінің ғана құны 30 млрд теңгеден асады.

Алматы, NEGE. Жаңа өндіріске отандық компаниялар ғана емес, шетелдіктер де мүдделі болып отырған көрінеді. Мәселен, әкімдік түрік инвесторларына 1 га жер бөліп бермек. Ол жерде су тазартатын блокты-модульді станция салынады. Жоба құны – 1,1 млрд теңге. 50 жұмыс орны ашылмақ.

Американдық компания су бұрқақ құрылғысы мен мырыш ванналарын өндіргісі келеді. Жоба құны – 19 млрд теңге.

Сондай-ақ Қытай, Оңтүстік Корея және Италия, Автралия компаниялары осы жерден түрлі өндіріс орындарын ашуды көздеп отыр екен.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

Шри-Ланка әуежайында 22 дін қызметкері есірткімен ұсталды

Әлемдегі жанармай дағдарысы: Қазақстан рейстерді қысқарта ма?