Түркістан облысының екі тұрғыны сібір жарасымен ауруханаға түсті

Түркістан облысының екі тұрғыны сібір жарасымен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Алматы, NEGE. "Түркістан облысы Түлкібас ауданының екі тұрғынында сібір жарасы анықталды. Қазіргі уақытта олардың бірі Ақмола облысында, біреуі Түркістан облысында емделуде. науқастардың жағдайы тұрақты, олар жақын арада ауруханадан шығарылады", - делінген бейсенбі күнгі хабарламада.

Ведомствода ауру жануарлардың еті Түркістан облысынан сатып алынбағанын айтты.

"Науқастардың айтуынша, ет Жамбыл облысынан әкелінген. Құзыретті органдар нақты кімнен және ет қайдан сатып алынды деген мәселелер бойынша тергеу-тексеру жұмыстарымен айналысуда", - делінген хабарламада.