Түркістан облысында зорлау қылмысы бойынша күдікті ер азамат қамауға алынды

Бұған дейін Жетісай ауданының полиция бөліміне шағымданған әйел, өзінің кәмелет жасына толмаған қызына көршісі зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деп арызданды.

Алматы, NEGE. Аталған жайт бойынша оқиға орнында жедел тергеу тобы барлық жедел шараларды атқарды. Сонымен қатар бірқатар сот-сараптамалары тағайындалды.

Бүгінгі таңда ҚР ҚК-нің 122-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл жайт Түркістан облысы ПД басшылығының тікелей бақылауында.