Түркістан облысында жолаушылар автобусы аударылды

26 тамыз күні сағат 05:58-де Түлкібас ауданындағы Машат ауылынан 4 шақырым жерде, «Алматы-Ташкент-Термез» республикалық маңызы бар күре жолында ірі көлік апаты болды, деп хабарлайды Otyrar.kz сайты.

Алматы, NEGE. «Алматы-Сарыағаш» бағытымен келе жатқан «Yutong» маркалы жолаушылар автобусының жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдың жиегіне шығып, жанымен құлаған. Автобус салонында 34 адам, соның ішінде жеті бала болған.

Көлік жанармайы төгілген жоқ. Жол-көлік апаты салдарынан, сағат 07:35-тегі жағдай бойынша, Сайрам ауданының орталық аудандық ауруханасына 17 адам жеткізілді, соның ішінде 6 адам ауруханаға жатқызылды, соның ішінде екеуі – ауыр жағдайда, арасында балалар жоқ. Қалғандары тексерілген соң, үйлеріне жіберілді. Қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнына ТЖД, полиция және жедел медициналық жәрдем бригадасының қызметкерлері барды.

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты